Атырау, 10 қыркүйек 00:55
 дождьВ Атырау +17.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Облыс әкімі қысқы жылыту маусымына дайындықты күшейтуді талап етті

Сурет
78 рет қаралды

Атырау облысында қысқы жылыту маусымына дайындық барысы жіті қадағалануда.

Облыс әкімі Болат Ақшолақов нысандарды аралап, олардың жағдайын тексерді. Бұған дейін ол кәріз сорғы станцияларындағы апатты жағдайларға байланысты жиын өткізіп, инженерлік желілерді қаланың теңгеріміне дер кезінде бермеу негізгі себептердің бірі екенін атап өткен еді. Әкім E-Qazyna.kz порталы арқылы бұл процесті жеделдетуді және әрбір құрылыс компаниясымен нақты жұмыс кестесін жасауды тапсырды.

Жұмыстың жалғасы ретінде ол «Нұрсая» шағынауданындағы жылумен қамту нысандарын қарап шықты. Қалалық ТҮКШ бөлімінің дерегінше, Балықшы мен Нұрсая аумағын қамтитын 15 жылжымалы қазандық пен 38 қазан бар. Алайда «Нұрсаядағы» жылу бекетінде күрделі мәселе анықталып, нысан қысқа дайын емес екені белгілі болды.

Қазір 19 нысанның заңды мәртебесі жоқ және қалалық теңгерімге өтпегендіктен, инженерлік инфрақұрылым толыққанды техникалық қызмет көрсетілмей отыр. Әкім мұндай жағдайға жол беруге болмайтынын айтып, тұрғын үйлер пайдалануға берілгенде инженерлік желілер де бірге теңгерімге өтуі тиіс екенін ескертті.

Ол жабдықтардың техникалық күйін бағалап, қажет болса жөндеу жүргізуді, сондай-ақ оларды қала теңгеріміне беру процедураларын жеделдетуді тапсырды. Барлық нысан 15 қыркүйекке дейін тексеріліп, тиісті шешім қабылдануы шарт.


Бүгін, 00:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.