Атырау, 10 қыркүйек 00:51
 дождьВ Атырау +17.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Атыраудағы су жүйелері цифрландырылып жатыр

92 рет қаралды

Атырауда сумен жабдықтау және су бұру жүйесін цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімі Болат Ақшолақов «Атырау облысы Су арнасы» кәсіпорнында инфрақұрылымды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесімен танысты. Жоба нақты уақыт режимінде бақылау жүргізуге, судың шығынын азайтуға және апат кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

«АГИС» бағдарламасы негізінде диспетчерлік орталық құрылып, оған 3 су тазарту нысаны, 57 қысым көтеру және 93 кәріз сорғы станциясы, 36 таза су қазаны қосылған. Жүйе судың шығыны мен қысымын өлшеп, тәуліктік кесте жасайды. Қазандардың толу деңгейі мен сорғы жабдықтарының жұмысы онлайн бақыланады, ал тасу қаупі туындаса, автоматты түрде сигнал беріледі.

Қазір 1240 жалпыүйлік есептеу құралдарының 800-і орнатылып, жабдықтау деңгейі 65%-ға жетті. Бұл жасырын ағуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Келесі кезеңде гидравликалық модельдеу қолға алынады: құдықтар қазылып, шығын мен қысым қосымша өлшеніп, инженерлік есептеулер жүргізілуде.

Әкім тек цифрландырумен шектелмей, су бұру жүйесін кешенді дамыту қажеттігін атап өтіп, техникалық зерттеулер мен толық жоба дайындауды тапсырды.

Кеше, 23:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.