Атырау, 9 қыркүйек 18:39
 дождьВ Атырау +21.4
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Новороссийск портында Теңіз мұнайы тиелген танкер зардап шекті: Киев оқиғаны қалай түсіндірді

141 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған стоп-кадр
Бейнежазбадан алынған стоп-кадр

Украина президенті Владимир Зеленский Новороссийск портына жасалған, салдарынан қазақстандық мұнайды тиеп жатқан танкер зақымданған шабуылға қатысты пікір білдірді. Киев болған оқиғаны «Ресейге қайтарылған жауап» деп атады, деп жазады «Нефть и газ Казахстана».

Таңертең Новороссийск портында ұшқышсыз аппараттардың шабуылы болды. Өңір билігінің мәліметінше, әуе шабуылынан кейін мазут терминалдарының бірі өртенген. Bloomberg агенттігінің жазуынша, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) №3 айлақтық қалқымалы құрылғысы (АҚҚ-3) жанында тұрған және Теңіз кен орнынан мұнай тиеп жатқан Seaviolet танкері де зақымданған. Кеме су бетінде қалып, тиеуді аяқтады. АҚҚ құрылғысының өзі зақымданған жоқ.

Шабуылға қатысты Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеме жасады.

«Ресейдің күнделікті соққыларына барлық география бойынша тиімді жауап беріп жатырмыз. Әскери-теңіз базасы соққыға жығылды: мұнай жөнелтуге тартылған терминал, әскери айлақ нысандары, әскери кемелер, "Калибр" тасымалдаушылары», — деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында бейнежазбаны тіркей отырып.

Айта кетерлігі, тамыз айында Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Вашингтон мен Киев арасындағы келісімдер туралы хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, АҚШ әкімшілігінің өтініші бойынша Украина, егер олар украиналық санкцияларға ілікпеген болса, ресейлік мұнайды тасымалдамаса және РФ заңды тұлғаларына тиесілі болмаса, КҚК инфрақұрылымына және терминалға қарай бағытталған кемелерге соққы беруден тартынуға уәде берген еді.

Бүгін, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.