Атырау, 3 мамыр 19:45
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Азияда «ғарыш бәсекесі» күшейді». «Көктемде жинаған абырой күзге де жеткен жоқ». «Дошаевқа "до свидания!" деген кім?». «Әмбебап полиция әмбебап бола ала ма?». «”Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды”деуші еді...». «“Бесоба-2013” немесе “Айтуға оңай...”».

2 472 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Азияда «ғарыш бәсекесі» күшейді» - Үндістан осы аптада Марсқа ғарыш кемесін ұшырды. Бірақ бұл Марсты зерттеп жатқан осы елдің ғарыш зерттеу орталығы үшін ғана маңызды оқиға емес.

«Тәжік сайлауындағы заң бұзу видеолары шықты» - Азаттық тілшілері Тәжікстан президенті сайлауында заң бұзу фактілерін тіркеді. Олардың видеолары да жарияланып жатыр. Сайлауда ел президенті Эмомали Рахмон 83,6 пайыз дауыс жинаған.

HALYKSOZI.KZ.   «Көктемде жинаған абырой күзге де жеткен жоқ» - «Президент айтпаса істемей ме?» деген тақырып талай газеттің көркін кіргізді. Бір бүгін емес, бұрыннан да солай еді.

«Дошаевқа "до свидания!" деген кім?» - Үкімет құрылымындағы ауыс-түйістер әлі де жалғасып жатыр.

«Әмбебап полиция әмбебап бола ала ма?» - Бізде бәрі тәжірибе жүзінде. Министрлік құрылады, сосын оны қайта құрамыз бір-екі жылдан кейін.

«“Бесоба-2013” немесе “Айтуға оңай...”» - Өткен жылы ғана «ел аман, жұрт тынышта» баспанасыз қалған «бесобалықтар» енді тек...тікелей эфирден тікелей мәлімдеме жасаған  облыс әкімі Бауыржан Әбдішевке ғана сеніп отыр.

AIKYN.KZ  «Қағбадағы қантөгіс» - Жақында өзіміз барып, жеті рет айналып тәуап жасап қайтқан қасиетті Қағбаның, есте жоқ ескі заманды айтпағанда, осы дәуірдегі тарихының өзі қилы-қилы. Бұдан 33 жыл бұрын Қағбадағы қажылық кезінде бірнеше мыңдаған адам қайтыс болған.Оқиға қалай болып еді?

«”Құрсақ ананың” құқығы жан-жақты қорғалады» - Елімізде шаңырағында баланың шат күлкісін естуге зар болып жүрген 200 мыңнан аса отбасы бар.

ZHEBE.COM  «Бәріне тек қана үкімет қана кінәлі емес!» - Үкімет төпелеген сынның астында қалды. Бұрын да көрген құқайы ғой, бірақ бұл жолғы зор басқа емес, мемлекеттік БАҚ-тан келмесі бар ма?!

«”Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды”деуші еді...»- Шамасы, Гүлнәр Кәрімова өзінің шоу-бизнесте, емін-еркін сайран салып жүрген қазіргі күндерін қимайтын болса керек. Әйтпесе, әкесінің орыны да талайдың арманы болған лауазым екендігін жұрттың бәрі біледі.

ALASHAINASY.KZ. «Бала санына қарай баспана ипотекасын субсидиялауды шеше аламыз ба?» - «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы жүзеге асып жатқанымен, бұған күмәнмен қарайтындар аз емес. Сондай күмәншіл топтың бірі – көп балалы отбасы.

«Кинологияны дамытпай, қазақы тазы тұқымын сақтап қала аламыз ба?» - Әрбір қазақтың шаңырағында кем дегенде бір-екі тазыдан болар еді. Қазір оны ауыл-ауыл түгіл, аудан-ауданнан таба алмайтын жағдайға түстік.

«Қазақша түсінбейтін, жылтырақты «өнер» деп білетіндердің ойыншығы болды...» - Елімізде алғаш рет «Қазақмультфильм» ұлттық анимациялық студиясының тұсауы кесілді.

BAQ.KZ  «Әміре Қашаубаев қайда жерленген?» -  Жуырда, көрнекті әнші Еркін Шүкіманов өзінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларының бірінде Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданына қарасты Ойшілік ауылында Әміренің бет-бейнесі бар зираты тұрғанын хабарлады.

8 қараша 2013, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.