Атырау, 9 қыркүйек 16:46
 дождьВ Атырау +19.4
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

​Атыраудың оң және сол жағалауы уақытша ауыз сусыз отырады

48 рет қаралды

Атырауда 16 және 17 қыркүйекте ауыз су уақытша тоқтатылады. Суды өшіру кезең-кезеңімен қаланың оң және сол жағалау бөлігін, сондай-ақ Алмалы ауылы мен Мақат ауданын қамтиды.

16 қыркүйекке қараған түні Атыраудың оң жағалау бөлігінде және Алмалы ауылында су тыйылады.

Су беру 16 қыркүйек күні түн ортасында тоқтатылып, сағат 06:00-ге қарай қайта беріледі деп жоспарланған. Шектеу Береке кентіндегі №5 сүзгі станциясын, Алмалыдағы су тазарту құрылыстарын және үлестіру желілерін маусымдық дезинфекциялауға байланысты.

17 қыркүйекке қараған түні Атыраудың сол жағалау бөлігінде және Мақат ауданында су өшіріледі.

Шектеу 17 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қолданылады. Бұл уақытта мамандар Белинский көшесі, 1А мекенжайындағы су тартқыш және су тазарту құрылыстарын, Амангелді ауылындағы нысандарды және су құбыры желілерін дезинфекциялайды.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК аталған аудандардың тұрғындарына алдын ала қажетті су қорын дайындап алуды ұсынады.

Бүгін, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.