Атырау, 9 қыркүйек 10:59
 дождьВ Атырау +12
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

​Атырауда жаңа автобустар қайда кеткенін түсіндірді

60 рет қаралды

Атырау тұрғындары жақында ғана қалада қатынап жүрген сыйымдылығы үлкен жаңа автобустардың кейбір қалалық маршруттардан жоғалып кеткенін байқаған. Олардың орнына желіге қайтадан бұрынғы автобустар шыққан.

Жолаушылар, сонымен қатар, қозғалыс аралығының ұзарып кеткеніне де шағымданып жатыр: олардың айтуынша, кейбір автобустарды енді жарты сағаттай күтуге тура келеді.

Жағдайға қатысты «Ақ Жайық Автопарк» ЖШС мынадай мәлімет берді.

«Сыйымдылығы үлкен автобустар Ақтөбе қаласының автопаркіне тиесілі болатын және иесіне қайтарылды. Қазір маршруттарға бұрынғы жылжымалы құрам қызмет көрсетіп отыр», — деп хабарлады компания.

Бұл ретте қозғалыс аралықтарының неліктен ұзарғаны және аялдамаларда автобусты жарты сағат күтудің себебі неде екенін автопарк өкілдері анық айтпады.

Айгүл МАНСҰРОВА

Суретті түсірген автор

Бүгін, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.