Атырау, 9 қыркүйек 10:59
 дождьВ Атырау +12
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Атырау университетінің студенттері жарықсыз және ыстық сусыз қалды

63 рет қаралды

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақханасының студенттері үшін жаңа оқу жылының басы онша жайлы бола қоймады: электр жарығының сөнгеніне екінші күн болды, ал ыстық су 2 қыркүйектен бері жоқ.

Студенттер жатақханадағы мәселелер туралы әлеуметтік желіде айтты. Олардың сөзінше, жарықсыз тамақ дайындау, телефон қуаттау және жалпы әдеттегі тұрмысты реттеу қиынға соғып жатыр.

Шағымдарға университеттің баспасөз қызметі үн қатты. Онда №1 жатақханада электр жарығы 7 қыркүйек кеште кенеттен сөніп қалғаны хабарланды.

«Қазір жауапты ұйым «Атырау-Жарық» ЖШС ақаудың себебін анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деп хабарлады жоғары оқу орнынан.

Ыстық суға қатысты жағдай басқаша. Жатақхана орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған. 2-12 қыркүйек аралығында Атырауда профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін магистральдық жылу желілері толығымен тоқтатылды.

Университетте «Атырау жылу жүйелері» ЖШС-не сілтеме жасай отырып нақтылағандай, тоқтату мерзімдері бастапқы кестемен салыстырғанда ауыстырылған. Сондықтан қалалық жылу желілеріне қосылған нысандарда ыстық су беру уақытша шектелді.

Ыстық суды профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін қайта беруге уәде етіп отыр. Университет студенттерден уақытша техникалық қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.