Атырау, 9 қыркүйек 10:59
 дождьВ Атырау +12
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

​Атырауда түзеу мекемесіне телефон әкеле жатқан дрон анықталды

63 рет қаралды

Атырау облысындағы №15 мекеме маңында ұшқышсыз аппараттың көмегімен тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды.

Үш ораманың ішінен ұялы телефондар табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні сағат 01:15 шамасында болған. Мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым жерде белгісіз жүгі бар дронды байқап қалған.

Тексеру барысында мөлдір скотчпен оралған үш картон орама табылды. Олардың әрқайсысының ішінде бір-бірден ұялы телефон болған.

Оқиға орнына Атырау қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сәлемдемені жіберуші мен оны алуы тиіс болған тұлғаларды анықтап жатыр.

Қажетті процестік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

Бұған дейін Павлодар облысындағы колониялардың бірінде сотталған азамат жоғары жылдамдықты интернетті пайдалану үшін барактың шатырына Starlink спутниктік антеннасын орнатып алғаны хабарланған болатын.

Бүгін, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.