Атырау, 8 қыркүйек 18:45
 дождьВ Атырау +21.6
$ 454.31
€ 528.04
₽ 5.25

NCOC-ден 2,3 трлн теңге экологиялық айыппұл өндіріп алу уақытша тоқтатылды

62 рет қаралды

Қашаған кен орнының операторы – North Caspian Operating Company компаниясынан 2,3 трлн теңге мөлшеріндегі экологиялық айыппұлды өндіріп алу бойынша атқарушылық өндіріс уақытша тоқтатылды.

Бұл туралы Әділет министрлігіне сілтеме жасап «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады. Қабылданған шешімнің себептері мен рәсімнің қайта басталуы мүмкін мерзімдері әзірге нақтыланбайды. Әңгіме айыппұлды жою туралы емес, оны өндіруді уақытша тоқтата тұру туралы болып отыр.

Айыппұл 2023 жылы бір жыл бұрын жүргізілген экологиялық тексеру нәтижесі бойынша салынған еді. Қазақстандық органдар Қашаған нысандарында күкіртті сақтаудың рұқсат етілген көлемі артығымен асырылғанын мәлімдеді. Бастапқыда өндіріп алу сомасы шамамен 5,4 млрд долларға бағаланды, кейін теңге бағамының өзгеруіне байланысты оның доллардағы баламасы төмендеді.

NCOC заңбұзушылықты мойындамайды. Консорциумда күкіртпен жұмыс істеу Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асырылғанын және қажетті рұқсаттардың болғанын алға тартады. Жобаға қатысушылар қазақстандық биліктің әрекеттеріне халықаралық арбитражда шағымданып жатыр.

2026 жылдың маусымында қазақстандық сот айыппұлды күшінде қалдырды. Осыдан кейін Әділет министрлігі консорциумға 2,3 трлн теңгені өз еркімен төлеуді ұсынып, мәжбүрлеп өндірген жағдайда бұл сомаға 10% мөлшерінде атқарушылық санкция қосылуы мүмкін екенін ескертті.

NCOC арбитраждық талқылау шеңберіндегі қамтамасыз ету шаралары процесс аяқталғанға дейін Қазақстанға ақшаны мәжбүрлеп өндіріп алуға тыйым салатынын мәлімдеді. Әділет министрлігі, өз кезегінде, бұған дейін тікелей NCOC-ке таралатын тыйымның бар екенін теріске шығарған болатын.

Шілдеде Қазақстан алып Қашаған кен орнын игеріп жатқан North Caspian Operating Company халықаралық консорциумының мүлкі мен көлік құралдарына тыйым салды.

Бүгін, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.