
«Қазавиақұтқару» АҚ экипажы санитариялық авиация бригадасымен бірлесіп, ауыр халдегі науқасты тасымалдау бойынша шұғыл рейсті сәтті орындады.
ТЖМ тікұшағы 52 жастағы (1974 жылы туған) науқасты Атырауға жедел жеткізу үшін Құлсары қаласынан ұшып шықты. Ер адам шұғыл мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж болған, оны аудандық ауруханада көрсету мүмкін емес еді.
Ұшқыштар мен санавиация медиктерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында науқас жол үстінде ешқандай асқынусыз облыс орталығына аман-есен жеткізілді.
Атырауға қонған бойда ер адам бейінді облыстық аурухана мамандарына тапсырылды.
В Атырау +21.6