Атырау, 8 қыркүйек 18:00
 дождьВ Атырау +20.9
$ 454.31
€ 528.04
₽ 5.25

9 қыргүйекте Атырау іргесіндегі бірнеше елді мекенде газ уақытша өшіріледі

69 рет қаралды

9 қыргүйекте сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Атырау маңындағы Ақжар-2, Талқайран-1, 2, Бесікті және Аспа елді мекендерінде көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады.

Бұл туралы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалы хабарлады. Шектеу төмен қысымды газ құбырларында жоспарланған жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін газ қалыпты жағдайда қайта беріледі. Газ қызметінің мамандары тұтынушылардан осы уақыт ішінде газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Бүгін, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.