
Құлсарыда өзге біреудің автокөлігін әдейі зақымдаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 151 375 теңге көлемінде айыппұл салды.
Жылыой аудандық соты анықтағандай, ер адам «К» ЖШС-іне тиесілі Toyota Fortuner автокөлігіне тас лақтырған. Көлік қаланың 8-учаскесіндегі кәсіпорын базасында тұрған.
Соққы салдарынан автокөліктің жүргізуші жағындағы әйнегі мен алдыңғы әйнегі шағылды.
Сот отырысында ер адам кінәсін толықтай мойындап, өкінішін білдірді. Сот бұл жайтты жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін әдейі зақымдау) бойынша кінәлі деп танылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
В Атырау +20.9