
2026 жылдың тамызында Қазақстанда жылдам тамақтану орындарының қызметі өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 10,2%-ға қымбаттады. Бір ай ішінде баға 0,1%-ға өсті.
Ең жоғары жылдық өсім Ақтөбе облысында тіркелді – 23%. Одан кейін Ақмола облысы – 16,2%, Павлодар облысы – 15,7%, Түркістан облысы – 15,5% және Атырау облысы – 13,6%. Осылайша, Атырау облысы фастфуд бағасының ең көп қымбаттаған өңірлердің бестігіне енді.
Ең аз өсім Маңғыстау облысында – 1,4% және Қарағанды облысында – 4%.
Айлық динамикада өзгеріс тек Түркістан облысында байқалды – баға 1,2%-ға көтерілді. Қалған өңірлерде шілде деңгейінде сақталды.
В Атырау +14.2