Атырау, 7 қыркүйек 21:12
 дождьВ Атырау +28.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

«ҚазТрансОйл» АҚ-да сатып алу жөніндегі жаңа басшы тағайындалды

55 рет қаралды

«ҚазТрансОйл» АҚ сатып алу жөніндегі басқарушы директор лауазымына Бекзат Уәлибекұлы Қалиевтің тағайындалғанын хабарлайды.

Ол Абай атындағы ҚазҰПУ-ды «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп, 2016 жылы Лондондағы Брунель университетінде бухгалтерлік есеп және бизнесті басқару саласында ғылым магистрі дәрежесін алған.

Бекзат Қалиевтің мемлекеттік органдар мен өнеркәсіп саласында мол тәжірибесі бар: ол ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында жауапты қызметтер атқарған. Жаңа лауазымға дейін ол «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Грузиядағы өндірістік активтерін басқаратын «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ еншілес ұйымында сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді.

Бүгін, 20:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.