
Атырау облысында салынып жатқан Газ сепарациялау кешенінің (ГСК) құрылыс алаңында өндірістік жарақатсыз әрі жұмыс уақытын жоғалтусыз 2 миллион адам-сағат межесі тіркелді, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
Бұл көрсеткіш жоба басталғаннан бері қолданыстағы еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің жоғары тиімділігін дәлелдейді.
Ауқымды құрылыс алаңында бүгінде 2 800-ден астам маман еңбек етеді. Жобаға тартылған жұмысшылардың 77 пайызы – Атырау облысының жергілікті тұрғындары.
Мұндай нәтижеге «KMG PetroChem» қызметкерлерімен бірге мердігер және қосалқы мердігер ұйымдардың жоғары қауіпсіздік мәдениеті мен үйлесімді жұмысы арқасында қол жеткізілді. Еліміздегі ең ірі газ-химия жобаларының бірін жүзеге асырудың барлық кезеңінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (HSE) талаптарын сақтау басты басымдық саналады.
Құрылыс алаңындағы жұмыстар техникалық және өндірістік қауіпсіздік стандарттарын толық сақтай отырып жоспарлы түрде жалғасуда.
В Атырау +28.2