Атырау, 25 қазан 11:46
 дождьВ Атырау +1.2
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​«Доссор – Ақтау» жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады: Айналма жол белгіленді

655 рет қаралды

Маңғыстау облысындағы «Доссор – Ақтау» республикалық жолының Шетпе мен Жетібай арасындағы бөлігінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс уақытша шектеледі. Жолды орташа жөндеуден өткізуге байланысты шектеу 8 мен 14 қыркүйек аралығында күшінде болады.

Шектеу KAZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 705–712 шақырымдар аралығын қамтиды. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан уақытта автокөліктер Жетібай ауылының ішкі жолдары арқылы қатынайды.

Жолдағы қозғалысты 14 қыркүйекте қайта ашу жоспарланған.

Жүргізушілер жолдың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы біле алады.

7 қыркүйек, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.