Атырау, 7 қыркүйек 18:47
 дождьВ Атырау +28.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Жағымсыз иіске қатысты күдік АМӨЗ-ге түсті: экологтар кешенді тексеру жүргізбек

60 рет қаралды

Мамандар өлшеу нәтижесі мен кәсіпорын орналасқан жақтан соққан оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс желдің бағытын ескере отырып осындай қорытындыға келді.

Атырау облысы Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов брифингте ведомствоның қазіргі уақытта АМӨЗ-ге  жоспардан тыс кешенді тексеру жүргізу үшін құжаттар жинап жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануы әсіресе түнде күрт артып кетеді.

Соңғы күндері Атыраудың әр жерінің тұрғындары кешке және түнде күшейетін қолқаны қабатын иіске шағымданып жатыр. Әлеуметтік желіде қала тұрғындары Air.kz-тің күкіртсутегі мөлшерінің артуы туралы деректерін жариялап, бастарының ауырғанын, жүректерінің айнығанын және терезені ашу мүмкін емесін айтып жатыр.

Брифингте сонымен қатар Экология департаментінің меншікті зертханасы неліктен әлі де өлшем жасайтын көшпелі жұмыстарға қатыспай жатқаны түсіндірілді. Қазір ол аккредиттеу процедурасынан өтіп жатыр, оны шамамен екі аптадан кейін алу жоспарланған.

Оған дейін департамент ауа мониторингіне мамандары қатысып жатқан «Қазгидромет» пен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ресми деректеріне сүйенеді.

Ластану себептері және АМӨЗ-ге қатысты ықтимал шаралар туралы түпкілікті қорытынды тексеру нәтижесі бойынша жасалуы тиіс.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.