Атырау, 7 қыркүйек 14:03
 дождьВ Атырау +25.2
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Атырауда әкім резиденциясының қоршауына анайы суреттер салынған

Сурет
96 рет қаралды

Атырау тұрғыны Ерлан Абиров облыс әкімі резиденциясының қоршауына қатысты қалалық әкімдікке шағымданған. Ол қоршаудағы орынсыз суреттер мен жазуларға ғана емес, сондай-ақ шағымнан кейін де тиісті шара қабылданбай отырғанына қынжылыс білдірді.

Ол бұл жағдайды кездейсоқ байқағанын айтады.

- Осы жағдайды мен кездейсоқ байқадым. Мен өтініш бергеніме біраз болды, ал әлгі анайы суреттер әлі тұр, – дейді ол.

Абиров түсірген фотосуреттерде металл қоршауға үлкен фалликалық бейнелер мен жазулар салынғаны анық көрінеді.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мәселе полиция департаментінің құзыретіне жатады.

Ал полиция департаменті вандализм фактісі бойынша қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

- Учаскелік полиция инспекторлары аталған аумақты тексеріп, оқиғаның мән-жайларын анықтау бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешім қабылданады, – деп хабарлады департамент. 

Айнұр САПАРОВА

Е. Абиров түсірген сурет

Бүгін, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.