Атырау, 7 қыркүйек 11:18
 дождьВ Атырау +18.4
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Елдің түкпір-түкпірінен 120-ға жуық спортшы X TRI INDER-2026 триатлонына жиналды

Сурет Бейнежазба
105 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Индер ауданында X TRI INDER-2026 ауқымды триатлоны өтті. Үздік атану үшін Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Жылыой мен Исатай аудандарынан келген 120 спортшы өзара бақ сынасты. 

Спортшылар үш күрделі кезеңнен өтуі тиіс болды: 600 метрге жүзу, 30 шақырымдық веложарыс және 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіру. 

Жарыс қорытындысы бойынша абсолюттік есептің көшбасшылары анықталды: 

  • Ерлер арасында: 1-орын — Нартай Қазиев, 2-орын — Нұрмұхан Әлиев, 3-орын — Данила Гусев.
  • Әйелдер арасында: 1-орын — Бақытгүл Сәрмекова, 2-орын — Жанаргүл Нұрмұханова, 3-орын — Арай Мұстахим.
  • Эстафета: Samgau командасы жеңіске жетті, күміс жүлде «Велоспорт» ұжымына бұйырса, қола жүлдені жергілікті Inder командасы еншіледі.

Абсолюттік есеп пен эстафеталық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталды. Жекелеген жас санаттарындағы ең үздік қатысушылар естелік сертификаттармен марапатталды.


Сурет пен видеоны түсірген ӨКҚ

Бүгін, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.