
4 қыркүйекке қараған түні Сочи қаласы мен федералдық аумақ Сириус дрондар шабуылына ұшырады. Нәтижесінде әуежайға бар-жоғы 100 метр қашықтықта орналасқан мұнай қоймасы өртенді, деп хабарлады «Агентство.Новости» арнасы.
Аймақтық жедел штабтың дерегінше, зардап шеккендер жоқ. Дегенмен Адлер ауданындағы мұнай базасындағы өртті куәгерлердің бейнекадрлары мен NASA FIRMS спутниктік мониторингі растады.
Шабул жасалған нысан «Роснефть-Кубаньнефтепродукт» компаниясына тиесілі. Оқиғаға байланысты Сочи халықаралық әуежайы уақытша рейстерді қабылдауды және жіберуді тоқтатты.
БАҚ пен сарапшылардың хабарлауынша, Сириус аумағындағы әуе қорғаныс дивизионы да шабуыл нысанына айналуы мүмкін.
РФ Қорғаныс министрлігі түн ішінде елдің 19 өңірінде, Қырымда және Қара теңіз акваториясында барлығы 490 дронның жойылғанын мәлімдеді. Жергілікті билік оқиғаның салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.
В Атырау +29.1