ZHASALASH.KZ «Сиықсыз саяси қойылым» - Сейсенбi күнi бiрнеше вице-министр үкiмет жетекшiсi Серiк Ахметовтен сөгiс алса, кеше екi министрлiктiң басшысы ауысты.
«Майра Назарбаева: «”Болат сөйлей бередi!”» - Нью-Йорктiң түртiнектеп жүретiн тiлшiлерiне Қазақстан президентiнiң бауыры Болат Назарбаев өте қызық тақырып тауып бердi.
«Ресми БАҚ басын тасқа соққан бекiредей мәңгiрiп қалды» - Кiм не десе де, Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы кездегi сөздерi көптiң көкейiнен шығып жүр.
«“Қытай Орталық Азияны ақшамен алдаусыратты”» - Си Цзиньпин осы жолы “Жаңа Жiбек жолының” америкалық нұсқасын көлегейлеп тастады.
«Қалмұратов болмаса қайтер едiк?!» - Бұл жерде билiк басындағылардың өз iшкi есебi бар. Олардың балалары, немерелерi қазақша бiлмейдi.
AZATTYQ.ORG «Әкесімен араз Каримова азаптаулар жайлы айтты» - Белсенділер Өзбекстан президенті Ислам Каримов режимінің адам құқықтарын таптап жатқаны жайлы айтуын талап еткен соң президенттің қызы Гүлнара Каримова Twitter-де азаптаулар туралы жаза бастады.
«”Манас” - Орталық Азиядағы АҚШ жоспары күйреуінің белгісі»- Кейбір сарапшылар Бішкектегі АҚШ авиабазасының жабылуын «Орталық Азиядағы АҚШ ықпалын күшейту экспериментінің аяқталуы» деп атайды. Демократия мәселесі қосымша себеп ретінде көрсетіледі.
«Болотный белсендісінің аштық жариялағанына 50 күн толды» - «Болотный ісі» бойынша Мәскеу абақтысында жатқан белсендінің аштық жариялағанына 50 күн толды. Онымен бірге тағы 20-дан астам адам "жұртты жаппай тәртіпсіздікке шақырды" деп айыпталып отыр.
ABAI.KZ. «”Қолды болған «Қолжетімді баспана”» - «Қайтқан мал да береке бар» демекші, 9 үйдің қайтарылған 7- і баспанаға мұқтаж азаматтарға беріледі дейді.
«Мәлік Ғабдуллин тақиясына тар келгені ме?» - Барша қазақтың Мәлігінің атымен аталған көшені атасының атына аударып алғандар да бар екен.
«22 жыл өтті. «Таз кепешімізді» тастаған жоқпыз» - Уақыт өте келе, егемендікке нұқсан келтіретін, мемлекеттен жоғары тұратын органдар құрыла бастады.
MAIDAN.KZ. «Ұлттық ұйымдар пікірталас жұмыстарынан қашпауы керек» - Орыстілді БАҚ қазақ тілінің мәселесін дұрыс түсіндіре білуі керек.
«Қоймалжың қуаныш немесе өң мен түстің арасы» - Ал бізде ғажайып әділдік орнады. Қандай жағдайда да қазақ кінәлі деп танылады.
AIKYN.KZ «Кеден одағы түркі елдерімен толыса ма?» - Үш жылғы үзілістен кейін кешеТүркияның Еуроодаққа қосылу мәселесі бойынша келіссөздер қайта жанданды.
«Твиттердегі түйткілдер» - Сананы еліктірген есірткімен күресу жолын іздеген қазіргі медицинаның алдында тағы бір қиындық туып отыр. Ол – әлеуметтік желіге тәуелділік.