Атырау, 4 қыркүйек 13:02
 дождьВ Атырау +29.1
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

​Каспий таяздап барады: Қашағанда теңіз түбін тереңдету жұмыстары басталады

77 рет қаралды

Қашаған мұнай-газ кен орнында қыркүйек айынан бастап теңіз түбін тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Солтүстік Каспий консорциумы Каспий теңізінің таяздануына байланысты зардап шеккен су жолдарының жобалық параметрлерін қалпына келтіруді көздеп отыр.

Арнайы балшық сорғыш кемелер негізгі бағыттарда жұмыс істейді. Бұл жұмыстар негізгі су жолдарын қамтиды, бірақ кірме каналдар, EPC-3, EPC-4 және «А» аралдарының лагундық аймақтары, сондай-ақ өндірістік ішкі канал бұл жобаға кірмейді.

Тереңдету жұмыстар бірнеше жылға жоспарланған, толық аяқталуы 2027 жылғы қарашаға белгіленген.

Каспий деңгейінің төмендеуі түбінде лай мен шөгінділердің жиналуына әкеліп, навигацияны қиындатты. Бұл Қашаған үшін аса маңызды мәселе: тереңдік жүктерді, жабдықты және персоналды жасанды аралдарға жеткізуге, сондай-ақ төтенше жағдайда адамдарды эвакуациялауға тікелей әсер етеді.

Бүгін, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.