Атырау, 18 тамыз 17:30
 дождьВ Атырау +29.4
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

​Құлсарыдағы балалар ойын алаңдары неге көгалдандырылмай қалды?

76 рет қаралды

Құлсарыдағы балалар ойын алаңдарын көгалдандыру жұмыстары тұрақты суару жүйесінің болмауына байланысты жобадан шығарылып тасталды. Мемлекеттік келісімшарттың жалпы құны өзгерген жоқ, ал қарастырылған жұмыстар құны жағынан соған пара-пар өзге де іс-шаралармен ауыстырылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Бұл түсініктеме әлеуметтік желіде балалар ойын алаңдарын көркейтуге қатысты ақпарат тарағаннан кейін жарияланды.

Құлсары әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстары 2023 жылғы 7 қыркүйектегі №103 мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес жүргізілген. Жұмыс барысында жобалау-сметалық құжаттамада қарастырылған бірқатар техникалық шешімдерді өзгерту қажеттілігі анықталған.

Бастапқыда жобаға жасыл желек отырғызу кірген болатын, алайда оларды жүйелі түрде суару жүйесі қарастырылмаған еді. Әкімдіктегілер суару жүйесінсіз көшеттердің солып қалу қаупі жоғары болғанын айтады.

Бұл мәселе тапсырыс берушінің, мердігердің, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдерінің қатысуымен қаралды. 2023 жылдың қазан айында тараптар келісу хаттамасын рәсімдеп, соған сәйкес көгалдандыру жұмыстары жобадан алынып тасталды және құны соған барабар басқа жұмыстармен ауыстырылды.

Өзгерістер футбол алаңдарына да қатысты болды: олардың қоршауларының биіктігі екі метрден төрт метрге дейін ұлғайтылды. Бұдан бөлек, көркейту-көгалдандырудың кейбір бөлек элементтеріне де түзетулер енгізілді.

Әкімдіктегілер актілерге қол қою кезінде шартқа және келісу хаттамасына сәйкес нақты орындалған жұмыстар ескерілгенін баса айтты.

Бүгін, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.