
Жыл сайын оқу жылы басталар алдында мегаполистерге мыңдаған студент ағылып, жалдамалы пәтерге сұраныс артады. Дегенмен сарапшылар бағаның өсуін тек студенттермен байланыстыруға болмайды дейді — нарықта терең әрі жүйелі процестер жүріп жатыр, деп хабарлайды energyprom.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылдың шілдесінде жалға берілетін тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 5,1 мың теңгеге жетті. Осылайша 35 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерді жалдау айына шамамен 179,7 мың теңге тұрады. Жылдық өсім индексі 114,2%-ды құрады.
Бағаның қымбаттауы маусымдық емес, тұрақты сипатқа ие. 2025 жылдың жазында жылдық өсім 8%-ға жуық болса, 2026 жылдың шілдесінде ол 14,2%-ға дейін жетті. Бұл студенттердің келуі тек қосымша фактор екенін, ал негізгі себептердің нарықтағы құрылымдық өзгерістер екенін көрсетеді.
Ең қымбат жалдау Алматы мен Астанада тіркелген: Алматыда 1 шаршы метр үшін 6 мың теңге, Астанада — 5,8 мың теңге. Бірақ ең үлкен өсім өңірлерде байқалды: Павлодарда бір жылда баға 39,2%-ға, Петропавлда — 32,8%-ға көтерілген.
2025/2026 оқу жылы басында Қазақстанда 364,5 мың иногород студент болған, оның 130,9 мыңы Алматыда оқыды.
Қажеттіліктің үштен бірін ғана жатақханалар қамтамасыз ете алды, қалғандары жалдамалы пәтерге жүгінуге мәжбүр болды. Алматыда 100 мыңнан астам студент жеке нарыққа шықса, Астанада жатақхана тапшылығы әлдеқайда аз болды.
2018–2025 жылдары елде 72 мың орынға арналған 281 жатақхана салынғанымен, студенттердің саны 74%-ға өсіп, тапшылық сақталып отыр. Демографиялық өсім мен жастардың ағымы жалға берілетін тұрғын үй нарығына тұрақты қысым түсіріп келеді.
В Атырау +29.4