
Парсы шығанағы аймағындағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын рейстерді 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін орындамайды.
Қазан айынан бастап аталған бағыттар бойынша ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, рейстердің жиілігі қысқармақ.
Жолаушылар билеттерін 2026 жылғы 20 қарашаға дейінгі рейстерге сол брондау класы бойынша тегін қайта рәсімдей алады.
Сонымен қатар билетті сатып алған жерде оның толық құнын қайтарып алу мүмкіндігі бар немесе тариф айырмашылығын төлеп, Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына ауыстыруға болады.
В Атырау +27.8