Атырау, 18 тамыз 13:38
 дождьВ Атырау +27.8
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

Атырау мектептерді жабдықтау мәселесі шешілмеген өңірлердің қатарында қалды

90 рет қаралды
Сурет: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Сурет: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Қазақстанда жаңа оқу жылы қарсаңында 47 мектеп ашылмақ, тағы 64 білім беру нысаны 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. 

Оның ішінде 20 мектеп ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңір әкімдеріне мектептердің толық дайын болуын, педагогтармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін тапсырды.

Қазіргі таңда ел бойынша 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, оларды 1 қыркүйекке дейін аяқтау қажет. Алайда 13 нысан кестеден қалып отыр. Алматы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстарда қарқын төмен.

Сонымен бірге жаңа оқу жылына дейін 500 пәндік кабинет (физика, химия, биология, робототехника) сатып алу міндеті тұр. 2026 жылдың соңына дейін мектептерге 1,4 мыңнан астам осындай кабинет орнатылуы тиіс. Бірақ қаржыландыру мәселесі бірқатар өңірде, соның ішінде Атырау облысында әлі шешілмеген.

Премьер-министр білім сапасы мен тәрбие процесінде «Закон и Порядок», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарының көрініс табуы тиіс екенін атап өтті. Ол балалардың құқықтық және экологиялық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін арттыруға, мектеп пен отбасының бірлескен тәрбиелік жұмысына ерекше мән беруді тапсырды.

Бүгін, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.