Атырау, 18 тамыз 13:38
 дождьВ Атырау +27.8
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

​Атырау облысында үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі қашан шешіледі

113 рет қаралды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырау облысында 3 580 орынға арналған 6 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. 

Бұл туралы Үкімет отырысында аймақ басшысы Болат Ақшолақов хабарлады. Қазіргі таңда өңірдегі мектептерде 155,5 мың оқушы білім алады, оның ішінде 15,2 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Қазан айында тағы бір мектептің құрылысы аяқталып, 320 орындық жаңа білім ошағы ашылады.

Жаңа мектептердің іске қосылуы оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен азайтуға мүмкіндік береді. Өткен оқу жылында Атырауда 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істеген болса, биыл екі жаңа мектептің ашылуымен олардың саны қысқарады. Ал толықтай үш ауысымды оқыту мен апатты мектептер мәселесін жоюды облыс әкімдігі 2027 жылға жоспарлап отыр.

Бүгінде өңірдің білім беру инфрақұрылымы 151 балабақша, 210 мектеп және 16 колледжден тұрады. Барлық білім беру нысандары жаңа оқу жылына дайындықты тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Бүгін, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.