Атырау, 7 қазан 04:29
 дождьВ Атырау +12.4
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Қазақстанда мектеп оқушыларының медициналық тексеруі толық цифрландырылады

356 рет қаралды

2026 жылы Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізу тәртібі қайта қаралып, цифрлық форматқа көшіріледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жүйенің басты басымдығы — жасанды интеллект (ЖИ) мен заманауи смарт-технологияларды қолдану арқылы ауруларды ерте кезеңде анықтау.

Мектеп медицинасын жаңғырту аясында оқушыларды тексеру үшін ЖИ жүйелерімен біріктірілген сандық диагностикалық құрылғылар массово енгізіледі:

  • Цифрлық ЭКГ-аппараттары мен пульсоксиметрлер;
  • Смарт-фонендоскоптар мен отоскоптар;
  • Ауыз қуысыішілік (интраоралды) камералар.

Деректердің интеграциясы мен мониторинг

Оқушылардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат бірыңғай сандық экожүйеде өңделеді:

  • Балалардың цифрлық тіркелімі (2025 жылы құрылған): Бастапқы тексеру қорытындылары, қауіп-қатер факторлары, бейінді мамандарға бағыттау маршруты және динамикалық бақылау сияқты 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізеді.

  • Білім беру базасымен интеграция: Денсаулық сақтау жүйелері Ұлттық білім беру деректер базасымен толық біріктірілді. Бұл оқушының мектебі, тіркелген емханасы, екпелері және денсаулық тобы туралы нақты мәліметтерді автоматты түрде алуға мүмкіндік береді.

18 тамыз, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.