
Атырау облысының Махамбет аудандық сотында білім беру қызметтері үшін жоғары оқу орны алдында қалыптасқан қарыз бойынша дау реттелді. Тараптар медиативтік келісімге келіп, іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, оқу орны мен жауапкер арасында білім беру қызметін көрсету туралы шарты жасалған. Алайда келісімшартта қарастырылған төлем жасалмағандықтан, ЖОО сотқа жүгініп, 902 мың теңге өндіріп алуды талап еткен.
Татуластыру процедуралары жүргізілгеннен кейін тараптар берешекті кезең-кезеңімен өтеуге келісті. Жауапкер ай сайын ЖОО-ға 90 250 теңгеден төлеп тұруға міндеттенді.
Сот медиативтік келісімді бекітіп, тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді. Оқу орны өз талап арызынан бас тартты.
В Атырау +27.8