Атырау, 17 тамыз 19:39
 дождьВ Атырау +31.2
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

ІІМ: тасжолдағы қате айыппұлдар жойылады

106 рет қаралды

13–14 тамыз күндері Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау орын алып, орташа жылдамдықты асыру деректері бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.

ІІМ хабарлауынша, жүргізушілерге ешқайда барудың немесе полицияға жүгінудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқамалар анықталып, автоматты түрде жойылады. Ал айыппұлды төлеп қойған азаматтарға қаражатты қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

— Жағдай бақылауда. Құрметті жүргізушілер, алаңдамаңыздар. Қате айыппұлдар жойылады, — деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Бүгін, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.