Атырау, 17 тамыз 19:39
 дождьВ Атырау +31.2
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Құтқару кеудешесіз және артық жүктемемен: Атырауда қайық иелері ережені жиі бұзады

102 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Атырау облысында шағын кемелерге қатысты 30-ға жуық құқық бұзушылық анықталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Жұмекешов мәлімдегендей, заң бұзушылықтардың басым бөлігі қайыққа белгіленген мөлшерден артық адам отырғызу және құтқару кеудешелерін кимеу жағдайларына байланысты.

— Қайықпен суға шыққанда қауіпсіздік талаптарын сақтау өте маңызды. Әсіресе борттағы адамдардың саны мен құтқару кеудешелерінің болуы — азаматтардың өмірін қорғау үшін белгіленген талаптар, — деді ол.

1 шілдеден бастап шағын көлемді кемелерге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Төтенше жағдайлар министрлігі толық жүзеге асырады. Мамандар кемелердің тіркелуін, техникалық жағдайын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексереді.

Сонымен қатар кеме жүргізушілеріне суға шығар алдында қайықтың техникалық жағдайын тексеру, ауа райын ескеру, түнгі уақытта жылдамдықты сақтау және басқа кемелермен қауіпсіз арақашықтықты ұстану міндеттеледі. Масаң күйде кеме басқаруға қатаң тыйым салынады.

ТЖД тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Бүгін, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.