
Демалыс күндері патрульдік полиция батальоны күшейтілген режимде жұмыс істеп, жол‑көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер жүргізді.
Тексеру барысында ереже бұзған жүргізушілер анықталып, заңға сәйкес шара қолданылды. Полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты асыру және басқа да тәртіп бұзушылықтарға ерекше назар аударды.
— «Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жолдағы тәртіп — адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың кепілі», — деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Өсер Жәңгірхан.
Полиция жолдағы тәртіпті сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін ескертіп, қауіпсіздікке мұқият қарауға үндейді.
В Атырау +31.2