
Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудандық «Қазпошта» мекемесіне пайдалануға берілген жаңа ғимаратпен танысып, ұжымға сәттілік тіледі.
Бұған дейін мекеме өз теңгеріміндегі ғимарат болмағандықтан, жалға алынған жерде жұмыс істеп келген. Мәселені шешу үшін Мақат кентіндегі С.Алиев көшесінде орналасқан бос ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи талаптарға сай қалыпқа келтірілді.
Жаңа ғимаратта қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасалып, тұрғындарға көрсетілетін пошта және қосымша қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік берілді.
В Атырау +30.2 


