
Қазақстанда бензин әлі де автокөлік иелерінің басты таңдауы болып отыр. 2026 жылғы маусымдағы дерекке сәйкес, тіркелген 5,1 млн жеңіл көліктің 88%-ы (4,4 млн) бензинмен жүреді. Соңғы төрт жылда мұндай үлес азаймай, керісінше сәл артқан, деп жазады energyprom.kz.
Автопарктің құрылымы:
Электромобильдер: 25,3 мың (0,5%). Олардың 63%-ы Алматыда. Елдегі 642 электрозаправканың 400-і де осы қалада.
Газ және аралас отын: 368 мың көлік (7,3%). Маңғыстау облысында үлесі 47,6% болып, бензинмен теңескен.
Дизель: 86,2 мың көлік (1,7%). Көбі Алматы мен Атырау облысында.
Бензинге тәуелді аймақтар: ШҚО (94,1%), Абай облысы (93,9%), Астана (92,8%).
Баға динамикасы:
АИ‑92: жылына +15%
АИ‑95/96: жылына +17%
Дизель: жылына +10,5%
Автогаз: +1%
Электр қуаты: +2,3%
Шілде айында электромобильдерге арналған электр қуатының бағасы өзгермеген, ал АИ‑92 тағы +1,7% қымбаттаған. Сарапшылар бензин мен электр қуаты бағасының айырмашылығы алдағы уақытта қазақстандықтар үшін жаңа көлік таңдауда шешуші факторға айналуы мүмкін екенін айтады.
В Атырау +30.2