Атырау, 17 тамыз 14:15
 дождьВ Атырау +27.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

​Астрахан облысында дрондар шабуылынан әйел қаза тапты

72 рет қаралды

Астрахан облысында түнгі уақытта болған жаппай дрон шабуылы салдарынан жергілікті тұрғын әйел қаза тапты. Бұл туралы аймақ губернаторы Игорь Бабушкин хабарлады.

Оның айтуынша, соққылар өнеркәсіптік кәсіпорындарға және азаматтық инфрақұрылым нысандарына бағытталған. Енотаев округіндегі жеке тұрғын үйге бір дрон түскен. Үйде болған әйел оқиға орнында көз жұмды, ал оның жасөспірім ұлы зардап шеккен жоқ.

Бабушкиннің мәліметінше, өнеркәсіптік нысандарға зиян келтірілмеген. Қай кәсіпорындарға соққы жасалғаны нақты аталмады.

Украина тарапы әзірге Астрахан облысындағы түнгі шабуылға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бүгін, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.