
Қазақстан Энергетика министрлігі Германия бағытына «Дружба» құбыры арқылы мұнай жеткізілімін қайта бастау шарттарын атады.
Ведомство ТАСС агенттігінің сауалына берген жауабында: экспортты қайта бастау үшін техникалық мәселелерді жою және транзитке қатысушы барлық тараптың келісімін алу қажет екенін түсіндірді.
«Қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулер жойылып, барлық мүдделі тараптар арасында тиісті келісімдер жасалған жағдайда жеткізілімдер белгіленген тәртіппен қайта жалғасуы мүмкін», – деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігі.
Қазақстандық шикі мұнайдың «Дружба» арқылы Германиядағы Шведте мұнай өңдеу зауытына транзиті 1 мамырдан бастап тоқтатылған. Ресей тарапынан техникалық шектеулер енгізілгендіктен, Германияға арналған көлемдер уақытша Усть‑Луга порты және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымы арқылы бағытталды.
Шілде және тамыз айларына «Дружба» арқылы мұнай айдау жоспарланбаған. Қазіргі таңда қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың негізгі артериясы – КҚК құбыры болып отыр.
В Атырау +27.6