Атырау, 19 желтоқсан 02:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қымбат жолдағы қырғын». «Сирияға кеткен жастар бұдан көп». «Тәжік сайлауы Рахмонды мадақтау науқанына айналды». «”ҚазМұнайГаз” бірнеше ақпарат құралын сатады». «Гүлнәр Каримованың бизнесін жүргізген бөлесі түрмеге қамалды». «Шенеуніктер неден жасқанады?»

1 818 просмотра

ZHASALASH.KZ   «Қымбат жолдағы қырғын» - Елiмiздегi жол апатынан он жылда 32 мың адам ажал құшқан.

«Кедейшiлiкпен күресу мен көрме өткiзудiң әлегi» - ҚР Статистика агенттiгiнiң хабарлауынша, республикадағы орташа айлық жалақы 106 мың теңгеге сәл-ақ жетпейдi.

«Мүрсидiң соты басталды» - Каирде Египеттiң бұрынғы президентi Мұхаммед Мүрсидiң соты басталды. Сот қарсаңында билiк қауiпсiздiк шараларын күшейттi.

AZATTYQ.ORG  «Сирияға кеткен жастар бұдан көп» - Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында және Кеңгір ауылында тұратын он шақты ата-ана Азаттық тілшісіне шетке кетіп оралмаған балаларының жайын айтып алаң білдірді. Тілші «Сириядан тірі оралғандардың» да туыстарымен кездесті.

«”Пастор уағызынан жапа шеккен әйел” дені сау екенін айтады» - Билік «пастор Қашқымбаевқа қатысты шулы істе жәбірленуші – шіркеуге келушілердің бірі Ләззат Әлменова» деп болжайды. Бірақ жұрт Әлменованың да психиатриялық клиникада еркінен тыс бірнеше мәрте жатқанын біле бермейді.

«Ауған әскерінің «Талибанға» төтеп беретініне күмән туды» - Ауған армиясы мен полициясының елде тыныштық орнататынына күдік айтушылар көп. Өйткені ел ішіндегі тұрақтылықты күзетуге кіріскен жасақтардың адам шығыны көбейді.

«Тәжік сайлауы Рахмонды мадақтау науқанына айналды» - Бүгін Тәжікстанда президент сайлауы басталды. Баламалы болып көрінгенімен, бұл сайлау көп жылдан бері ел басқарып келе жатқан Эмомали Рахмонды тағына қайта отырғызу рәсіміне көбірек ұқсайды.

«”ҚазМұнайГаз” бірнеше ақпарат құралын сатады» - Компания сатылады деп жариялаған ақпарат құралдары басшылары комментарий беруден қашқақтады. Сарапшылар пікірінше, олардың иесі ауысқанымен, медиа нарықтағы жағдай өзгемейді, бақылауда болады.

SERKE.ORG.  «Ұлтшылдардың ортасына от тастап, шағыстырып жүрген кім?» - Саясаткер өзіне сойылдың не үшін керек екенін ашып айтпады. Оның сөз саптауына қарағанда, Мәмбеталин біреуді сабау үшін емес, қаскүнемнен қорғану үшін сойыл іздегені көрініп тұр.

NUR.KZ  «Гүлнәр Каримованың бизнесін жүргізген бөлесі түрмеге қамалды» - Өткен айда ғана оның медиахолдингіне қарайтын бірнеше телеарна мен радио жұмысын тоқтатқан болатын. Ал Ислам Кәрімовтың үлкен қызының Өзбекстандағы бизнесін жүргізген бөлесі, белгілі кәсіпкер Акбарәлі Абдоллаев түрмеде жатыр.

ABAI.KZ.  «Бірігетін кез келді!» - Алматыда ұлтшыл-демократтар­дың құрылтайын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің бірнеше жиналысы өтті.

TURKYSTAN.KZ.  «Шенеуніктер неден жасқанады?» - Жалпы кез-келген демократиялық мемлекеттің халықтан жасырар ештеңесі болмайды. Бүкіл ақпарат ашық және қолжетімді болуы тиіс.

6 қараша 2013, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.