
Туристік маусымның ашылуына 30 мыңнан астам адам жиналды.
Фестиваль аясында киіз үйлер тігіліп, қолөнер жәрмеңкелері, фотоаймақтар мен тағам сататын орындар ұйымдастырылды. Ашық аспан астында өткен мерекелік гала‑концерт алғашқы күннің қорытындысы болды, – деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қиғаш өзенінің бойындағы ерекше гүлді тамашалау үшін 150‑ден астам қайық дайындалып, қонақтар алқызыл алқапқа шат көңілмен сапарлады.
Мәдени жиынның соңында Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония, жергілікті өнерпаздар және кеш қонақтары Bytanat, Alham, «Меломен» тобы мен Turar өнер көрсетті.
В Атырау +27.6 







