
Әлеуметтік желілерде «мұнай астанасының» орталығындағы жаяу жүргіншілер эстакадасының кейіпсіз күйін көрсеткен суреттер пайда болды.
Сәтпаев даңғылы үстіндегі жаяу көпір 2009 жылы салынған. Көп ұзамай ол сұранысқа ие өткелге айналды. Әсіресе оқу жылы кезінде Халел Досмұхамедов атындағы университетке жақын болғандықтан көп қолданылады. Сондықтан халық арасында көпірді «студенттер көпірі» деп жиі атайды.

Жақында Facebook қолданушысы жөндеуді және күтімді қажет ететін эстакаданың суреттерін жариялады. Баспалдақтарды тот басқан, ал әйнек шатырды автордың айтуынша, «жылдар бойы жиналған кір қарайтып жіберген». «Қала ортасындағы қараусыз қалған көпір әкімдікке қарсы тұр», – деп түйіндейді ол.
- Көпірді екі апта сайын «Арнаулы автобаза» қызметкерлері тазалайды, ал жөндеуге қатысты бюджетте қаражат қарастырылмаған, – деп түсіндірді қалалық ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.
Сәтпаев даңғылын қайта жаңарту жұмыстары басталып жатқан тұста және жаңа облыс әкімі мұнда «заманауи, жайлы әрі сапалы қоғамдық кеңістік» құруға ниет білдірген кезде эстакаданы ретке келтіру үшін қаражаттың жоқтығы өте оғаш көрінеді.
Лев ГУЗИКОВ
Сурет Facebook‑тен алынды
В Атырау +27.6