Атырау, 17 тамыз 13:07
 дождьВ Атырау +27.6
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

Индонезияда 7,7 магнитудалы​ жер сілкінісі болды

82 рет қаралды

Индонезиядағы Флорес аймағында болған магнитудасы 7,7 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 51 адамға жетті, тағы 101 адам жарақат алған. Құтқару және іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда6 деп хабарлайды АА.

Стихия салдарынан 900‑ден астам үй қирап, 450‑і зақымданды, шамамен 5 мың адам уақытша баспаналарға орналастырылды. Жер көшкіндері ұзындығы 700 шақырымға жуық автожолдың кейбір бөліктерін жауып қалған.

Жер сілкінісінен кейін кемінде 235 қайталама дүмпу тіркелді, олардың ең күштісі магнитудасы 6,2 болды. Бұдан бөлек, Солтүстік Суматра провинциясындағы Пематангсиантар қаласы маңында магнитудасы 6,9 тағы бір жер сілкінісі орын алды.

Бүгін, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.