
Жерасты дүмпулері Душанбеде сағат 06:39‑да сезілген.
Эпицентр Рашт ауданынан 8 км қашықтықта, Гарм қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан. Ошақ тереңдігі 16 км болды.
Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары жер сілкінісін сезгенімен, қираулар туралы ақпарат жоқ.
Шілде айында да Тәжікстан аумағында бірнеше жер сілкінісі болған: 18 шілдеде магнитудасы 4,4, 9 шілдеде 5,3 және 27 маусымда магнитудасы 5. Қаңтарда Горно-Бадахшан автономиялық облысында магнитудасы 5,3 жер сілкінісі тіркеліп, оның дүмпулері Душанбеде сезілген еді.
В Атырау +28.2