Атырау, 8 қыркүйек 02:58
$ 454.31
€ 528.04
₽ 5.25

​Атырауда заң талаптарын бұза отырып жалға берілген 42 пәтер анықталды

443 рет қаралды

Материалдар 27 нысан бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұзушылықтар 12 тамыздан бастап жүргізіліп жатқан арендалық тұрғын үйлерді тексеруге арналған жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықталды.

Полиция жалға алушылардың тіркеусіз тұрып жатқан жағдайларын да анықтады. ҚР ӘҚБтК 492-бабының 2-бөлігі бойынша сегіз адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Абзал Әліпқалиевтің айтуынша, тұрғын үй иелеріне жалға алушыларды уақытылы тіркеу және салық міндеттемелерін орындау талаптары түсіндірілді.

14 тамыз, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.