
Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылында тұрғындар тосын қонақтарды байқады: екі ересек қабан бірнеше торайымен бірге біраз уақыт ауыл ішінде жүрген.
Ауылдық округ әкімі Ербол Сағынның айтуынша, ауа райының ыссылығы, далалықта су көздерінің тапшылығынан жыртқыш аң ауылға су іздеп кірген.
Көп ұзамай қабандар ауыл ішін кезіп шығып, кетіп қалған. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +28.2