
Сауд Арабиясы теңіз шекараларын қорғау үшін көпұлтты коалиция құрды, дп хабарлайды АА.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 15 мемлекет бірлескен мәлімдемеге қол қойды, олардың 13-і ішкі рәсімдерді аяқтап, коалиция жарғысын бекітіп үлгерген. Бұл шешім Джиддада өткен үшінші жоспарлау жиынында жарияланды.
Коалицияны саудтық қолбасшы басқарады, ал оның орынбасары қызметін Пәкістан өкілі атқарады. 6 тамызда командир болып Сауд Арабиясының контр-адмиралы Абдулла бин Салем әл-Шехри тағайындалған.
Коалицияның басты мақсаты – Баб-эль-Мандеб бұғазы, Қызыл теңіз және Аден шығанағындағы теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық сауда мен энергия тасымалының еркіндігін қорғау.
В Атырау +26.9