
Атырау облысында тергеу изоляторына тыйым салынған зат жеткізу әрекеті тоқтатылды. Смартфонды тамақ өнімдерінің арасына жасырып кіргізбек болған.
Оқиға №75 мекемесінде республикалық «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде орын алды.
«Тексеру барысында мекемеге келген сәлемдемеден тамақ өнімдерінің арасынан жасырылған мобильді телефон табылды. Бұл факті бойынша жіберушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды», – деп хабарлады ведомство.
«Тосқауыл» арнайы іс-шарасы еліміз бойынша 30 шілдеден 17 тамызға дейін өтуде. Оның басты мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттардың жеткізілуін тоқтату.
В Атырау +26.9