Атырау, 14 тамыз 11:11
 дождьВ Атырау +21
$ 465.08
€ 536.52
₽ 5.56

Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсуге шешім қабылдады

76 рет қаралды

сурет: 24.kg.
сурет: 24.kg.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров алдағы президенттік сайлауға қатысып, екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті. Бұл туралы мемлекет басшысы журналист Али Токтакуновқа берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.

Жапаров бәсекелестікке дайын екенін және басқа кандидаттардың сайлауға қатысуына кедергі келтірмейтінін атап өтті.

«Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсіп, жұмысымды жалғастырғым келеді. Сайлауға қатысқысы келетін басқа адамдар да кандидатурасын ұсынсын. Ешкімді шектемейміз», — деді Садыр Жапаров.

Сайлау қашан өтеді?

Қырғызстандағы кезекті президенттік сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарға жоспарланған.

Садыр Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша ел президенті болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ол сайлаушылардың 79,2 пайыз дауысын жинаған. Оның ресми инаугурациясы 2021 жылғы 28 қаңтарда өтті.

Бүгін, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.