Атырау, 13 тамыз 19:23
 дождьВ Атырау +36.1
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

​«Дайвинчик» балаларға қауіп төндіреді деп танылып, Қазақстанда тыйым салынды

102 рет қаралды

Алматы қаласының Алатау аудандық соты «Дайвинчик знакомства» Telegram-сервисінің жұмысын заңсыз деп танып, оның Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салды. Шешім аудандық прокуратураның талап арызы бойынша қабылданды, деп хабарлайды Tengri Life.

Тыйым салуға пайдаланушылардың жасын міндетті түрде тексерудің жоқтығы және балалар мен жасөспірімдердің сауалнамаларының (анкеталарының) еркін орналастырылуы себеп болған. Прокуратураның пікірінше, сервистің бақылаусыз жұмыс істеуі кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қауіп төндіреді.

Бұған дейін құқық қорғау органдары танысу сервисі арқылы күдіктімен танысқан кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекеттерден кейін тергеу бастаған еді. Осыдан кейін прокуратура ресурс жұмысын шектеу талабымен сотқа жүгінген, делінген қадағалау органының хабарламасында.

Сот шешімі уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді және дереу орындалуға тиіс. Дегенмен, журналистер тексерген сәтте «Дайвинчик» әлі де қолжетімді болып шықты: бот сауалнамаларды көрсетуді және пайдаланушыларға жаңа диалогтар бастауға мүмкіндік беруді жалғастырған.

«Дайвинчик» — Telegram-дағы ең ірі танысу сервистерінің бірі. Оның аудиториясы миллиондаған пайдаланушыны құрайды, бұл ретте ботта жеке басын міндетті түрде сәйкестендіру және жасын растау қарастырылмаған.

Бұған дейін Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Telegram мен "ВКонтакте" негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялайтынын хабарлаған еді. Осымен бірге Ресейдің Тергеу комитеті «Дайвинчик» танысу чат-ботын бұғаттауды бастады.

Бүгін, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.