Атырау, 13 тамыз 18:02
 дождьВ Атырау +36.1
$ 465.19
€ 536.55
₽ 5.61

Ақтауда студенттерді алдаған алаяқ түрмеге қамалды

54 рет қаралды

Ақтауда жергілікті жоғары оқу орындарының студенттеріне баға мен емтихан бойынша «көмектесуге» уәде берген ер адамға үкім шықты. Ол өз қызметі үшін ондаған мың теңгеден бастап миллион теңгеге дейін ақша алып отырған.

Алаяқтық схема өте қарапайым: ол студенттердің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін жоғары үлгерімді, сондай-ақ сессияны сәтті тапсыруды кепіл еткен. Сенгіш студенттер оған 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі аралықта ақша беріп отырған. Әрине, ол берген уәделерін орындауды жоспарламаған, ал түскен миллиондарды тек өз қажеттілігіне жұмсаған.

Ақтау қалалық соты Д. есімді азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша айыпты деп танып, оны 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының прокуратурасы азаматтарды оқу процесіне ақшалай көмек ұсынатын тұлғаларға сенбеуге шақырады. Мұндай ұсыныстардың барлығы заңсыз және алаяқтық болып есептеледі», — деп ескертті қадағалау органы өкілдері.
Бүгін, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.