
2026 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында Өзбекстанға туристік мақсатпен Қазақстанның 1 855 562 азаматы барған.
Көрші елдің Ұлттық статистика комитетінің хабарлауынша, Қазақстан келген туристер саны бойынша елдер арасында екінші орынды иеленді. Шетелдік туристер ағынының шамамен 24%-ы қазақстандық, яғни әрбір төртінші саяхатшы Қазақстаннан барып отыр.
Биыл шетелдіктер саны бойынша бірінші орынға Қырғыз Республикасы шықты (2 177 108 адам). Ал Қазақстаннан кейінгі орындарға Тәжікстан (1 728 978 турист), Ресей (710 824) және Ауғанстан (281 200) жайғасты.
Жалпы алғанда, жеті ай ішінде Өзбекстанға 7,7 миллионнан астам шетел азаматы келген. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,4 миллион адамға немесе 22,6%-ға өсті.
В Атырау +36.1