
Шымкент тұрғыны бұрынғы күйеуінің шабуылынан кейін ауыр күйікпен ауруханаға түсті.
2 тамызда ер адам бұрынғы жұбайымен кездесуді алдап ұйымдастырып, белгісіз сұйықтықты үстіне төгіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Сол күні Алматыда ұсталып, қамауға алынды.
«НеМолчиKZ» қорының мәліметінше, күдікті жаңа нөмір алып, жәбірленуші жұмыс істейтін сұлулық салонына клиент ретінде жазылған. Ол арнайы киіммен келіп, қолында канистра болған. Әйелдің айтуынша, ер адам «Мен сені мүгедек қыламын» деп айқайлап, қышқылды төккен. Зат бірден киімді күйдіріп, теріні жарақаттаған.
Әйелге бірнеше күрделі ота жасалып, тері ауыстыру қажет болады.
Шымкент қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады. Ол қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қордың дерегіне сәйкес, жәбірленушінің атына несие рәсімделген және алимент бойынша қарыз мәселесі де бар.
В Атырау +36.1